«Арсенал» Бразилия құрамасы мен «Челсидің» қорғаушысы Давид Луисті қатарына қосқанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
32 жастағы футболшы жаңа командасында 23-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Давид Луис «Челсиге» 2011 жылы «Бенфикадан» ауысып келді. 2014-2016 жылдары ПСЖ сапында өнер көрсетіп, лондондық клубқа қайта оралған болатын.
Комментарии