Футболшы нәсілшіл әрекеті үшін жазаланып отыр.

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде литвалық «Вентспилс» пен мальталық «Гзира Юнайтед» командалары кездескен болатын. Сол ойында литвалықтардың украиналық қақпашысы Константин Махновский қарсылас команданың футболшысы африкалық Амаду Самбаны кемсіткен. Нәтижесінде екеуінің арасында жанжал туып, қос футболшы да алаңнан қуылған еді.

УЕФА-ның тәртіп комиссиясы Махновскийді еурокубоктардағы алдағы 10 ойыннан шеттеті. Самба да екі матчқа жазаланды.