Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта дивизиондағы үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде үздік 10 боксшының қатарына қос қазақстандық кірді.

Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) орта салмақтағы боксшылардың алғашқы ондығына енді - ол 11-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Ал Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр. Бұл тізімде көшбасшы украиндық Сергей Деревянченко.

Айта кетерлігі, аталған ұйымның орта салмақтағы чемпиондық атағы үшін Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізуі мүмкін.