6 тамызда аты аңызға айналған қазақстандық қақпашы және футбол ардагері Ордабаев Құралбек Досжанұлы 70 жасқа толды, деп жазады Prosports.kz.

Құралбек Досжанұлы Ордабаев 1949 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қақпашы, Қазақ КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984). «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСРО чемпионатында 185 ойынға қатысты. Халықаралық теміржолшылар одағы жарысы кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 1995), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000) болған.

Құралбек Ордабаев 1971 жылы КСРО чемпионатының "жыл ашылуы" марапатын иеленді. 1973 жылы КСРО чемпионатында Ордабаев 15 пенальти қайтарды (турнир ережесіне сай матч тең аяқталса, жеңімпаз пенальти арқылы анықталған).

Propsorts ұжымы Құралбек Досжанұлын атаулы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Әрі ол кісіге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасылық амандық, жаңа табыстар мен жеңістер тілейді!