Андорра чемпионы«Санта Коломға» қарсы кездесуде хет-трик авторы атанған Марин Томасов, елорда командасы жейдесіндегі еурокубоктерде соққан голдар санын жетіге жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Марин осы көрсеткіші арқылы клубтың УЕФА аясындағы турнирлердегі сұрмергендер тізімінде екінші орынға көтерілді. Томасовтан көп гол соққан бір ғана футболшы бар, ол - Патрик Твумаси. Ганалық шабуылшының еншісінде 15 гол бар.

31 жастағы хорватиялық аталмыш кездесудегі хет-тригінің арқасында Жуниор Кабанага (6 гол), Марин Аничич (6) және Бауыржан Жолшиевты (5) басып озды.

Томасов дәл осы үш голының арқасында клуб сапында барлық турнирде соққан голдар саны бойынша Фокси Кетевоаманы да басып озды. Енді Мариннің еншісінде 35 гол бар. Дегенмен, оның алдында Жуниор Кабананга (42 гол), Таңат Нөсерабев (54) және Патрик Твумасидың (69) тұрғанын айта кету керек.