Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто қаласында (Канада) өтіп жатқан WTA Premier 5 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/32 финалда отандасымыз әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы даниялық Каролин Возняцкимен кездесті.

1 сағат 24 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен Возняцкидің жеңісімен аяқталды.