Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Монреалде (Канада) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз франциялық Адриану Маннариноға екі сетте де есе жіберді.

1 сағат 31 минутқа созылған кездесудің есебі – 4:6, 4:6.