«Манчестер Юнайтед» «Лестер» қорғаушысы Гарри Магуайрды 75 миллион фунт стерлингқа сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Келісімшарт мерзімі - 6 жыл. Қорғаушы әр маусым үшін 9 млн еуро жалақы алады.

Магуайр «Лестер» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді, қорғаушы аталмыш клубта барлығы 76 ойынға қатысып, 5 гол соққан.