«Барселона» Малкомды «Зенитке» сатып, жаңа ойыншыны сатып алғанын мәлім етті.

Ол - 22 жастағы испаниялық қорғаушы Хуан Фирпо «Бетис» сапында өнер көрсеткен Эктор Джуниор Фирпо. Каталониялық клуб аталмыш футболшы үшін 18 миллион еуро ақша жұмсады.

Айта кетейік, Фирпо 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионы.

Бір жыл бұрын Фирпоға «Манчестер Сити», МЮ, «Реал» қызығушылық танытқан болатын. «Мадрид» жарақатына байланысты Джуниорды сатып алудан бас тартқан болатын.

Бір қызығы, Фирпо өзінің клубтасы Лионель Мессиді өлердей жек көреді екен.

  • «Месси, сенің аяғыңды сындаратын бір жынды кездесетініне сенем»;
  • «Месси — иттің баласы»;
  • «Мессидің жарақат алып қалғаны қандай жақсы болды. Ол тезірек өлсе екен».