Туриндік «Ювентус» ойыншысы Пауло Дибала «Манчестер Юнайтедке» ауысудан бас тартқанын жазған болатынбыз.

Дибаланың айтуынша, оның ойын мәнері «Манчестер Юнайтед» командасының жалпы ойын үлгісіне сай келмейді.

Ойыншы ПСЖ-ға ауыспайтынын және өзінің клубында қалатынын жеткізді.

Дибала өткен маусымда клубта 42 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанып, алты нәтижелі пас берді.