Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) дивизиондар бойынша рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.Аса ауыр салмақта Иван Дычко (9-0, 9 КО) 14-ші орыннан 13-ке көтерілді. Жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental белбеуіне ие Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) бір саты жоғарылап, тоғызыншы орында тұр.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) бірінші орында тұр.Екінші орта салмақта WBA International титулына ие Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) алтыншы орында қалды.