Танымал боксшы Ермахан Ыбрайымов «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында екі әйелінен 10 баласы бар екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Өз сұқбатында 8 ұл, 2 қыздың әкесі бүгіндері Алматы қаласында екінші әйелімен тұрып жатқанын ашып айтты.

- Мен өзім 10 балалы отбасыдан шыққанмын. Үйде 8-ші баламын. Сондықтан менде де 10 бала болса деп мақсат еттім. Қазір үлкен ұлым Америкада оқиды. Шетелдің аты шетел. Қасында біреудің жүргені жақсы ғой. Сондықтан анасы баласының қасына баруды ниет етті. Содан үлкен жеңгелеріңді сол жаққа жібердік. Қазір өзім Алматыда Айжанмен біргемін, - дейді Ермахан Ыбырайымов.

Ермахан Ыбрайымов: Тойға шығып тұрамын

Өз сұқбатында боксшы екінші әйелімен қалай танысқанын да айтып берді.

«Құдашам болып келеді ол кісі. Тойларда кездесетін болдық, басқа жерде кездесетін болдық. Кейін әңгімелесе-әңгімелесе келе, отбасы құрып кеттік», - дейді ол.

Хабар барысында боксшының екінші жұбайы Айжан Ыбырайымова да сұқбат берді.