Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Вашингтон WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дияс екінші айналымда украиналық Леся Цуренконы 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 45 минутқа созылды.

Осылайша, жерлесіміз ширек финалға жолдама алды.

Зарина 1/4 финалда италиялық Камила Джорджимен күш сынасады.