Михаил Кукушкин мексикалық Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 Abierto de Tenis Mifel турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда аргентиналық Диего Шварцманнан екі сетте – 1:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Кездесу 58 минутқа созылды.