2018 жылғы Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шайкен "ҚР Президентінің Кубогы" халықаралық турнирінде жеңіске не жетпегенін айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz, Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

«Кубок барысындағы көрсеткен өнерімді 80%-ға бағалаймын. Көңілімнен шықты деп, айтсам болады. Мықтылардың жарысы болды. Алайда, алдыма қойған мақсат толықтай жүзеге асырылғын жоқ. Осы жарыска 1 орын алам деген оймен қатыскан едім. Жеңіске жетуім үшін біраз тәжірибем жеткен жоқ деп ойлаймын. Жастар құрамасынан ересек құрамаға ауысқаныма жарты жыл болды. Финалдағы қарсыласым Абылайxан Жүсіпов те - өте мықты боксшы».

Болашаққа жоспарым - Олимпиада ойындарына лицензия алу және олимп шыңында 1 орынға көтерілу. Алдағы уақытта Әлем чемпионаты бар. Әрине, ең алдымен сол бірінішілкке қатысқым келеді. Әлем чемпионатына кім баратынын бас бапкер шешеді, - дейді Талғат.