Бокс әлеміндегі белгілі американдық инсайдер Майк Коппинджер DAZN стримингтік платформасы орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестің жаңа қарсыласымен жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Коппинджер өзінің Твиттерінде украинлық Сергей Деревянченконы DФZN Альварестің қарсыласы ретінде мақұлдағанын жазды. 26 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena кешенінде өтетін орта салмақтағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер басталып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін DAZN «Канелоның» қарсыласы ретінде қазақстандық Геннадий Головкинді және ресейлік Сергей Ковалевті қараған болатын.