Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Минскідегі Олег Караваев турнирін төрт медальмен тәмамдады, деп жазады Olympic.kz.

Соңғы жарыс күнінде Данияр Қаленов жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 67 келі салмақта үздіктер қатарына еніп, қола медаль жеңіп алған.

Айта кетелік, бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мейіржан Шермаханбет (72 келі) және Ерұлан Ысқақов (97 келі) турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.