Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатында екі спортшымыз финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

65 келіде белдескен Дінмұхамед Қошқар мен 80 келідегі Мақсат Сайлау жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ал, 71 келіде бақ сынаған Денис Пилипенко финалға шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, кеше балуандарымыз ел қоржынына екі алтын салған еді.