Марқұм болған Сергей Карпенко бұрын Германия мен Ресейдің чемпионы болған екен.

50 жастағы Карпенконың денесі Мойка өзенінен табылған. Полицейлердің мәліметінше басына тапаншамен оқ атылған.

Ұлының айтуы бойынша әкесін соңғы рет 23 шілде күні көрген. Телефонын, көлігін, құжаттарын үйге қалдырып белгісіз жаққа кеткен көрінеді.

Сергей Карпенко КСРО сапында кикбокстан Еуропа чемпионатының финалына қатысқан еді.