Қазақстандық AVANGAR командасы Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) әлемдік рейтингте жоғарылады.

Жаңартылған тізбекте қазақстандық команда 27-ші орынға жайғасты. Салыстырмалы түрде алдыңғы рейтингке қарағанда команда бір саты жоғарылады. Бірінші орында АҚШ-тың Liquid командасы тұр. Екінші орында - француздық Vitality. Үздік үштікте даниялық Astralis командасы жайғасты.