«Барселонаның» орталық қорғаушысы Томас Вермален Жапонияның «Виссел Кобе» командасына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бельгиялық футболшы жапон клубына ергін агент ретінде ауысты.

33 жастағы ойыншы каталониялық клубқа 2014 жылы тамызда «Арсеналдан» ауысып келген. Алайда оның «Барселона» сапындағы мансабы жемісті бола қойған жоқ. Көп уақытын қосалқы құрамда өткізді.