Әлемдегі ең қымбат орталық қорғаушылардың тізімі жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк көш бастап тұр. Ал екінші орынға жақында ғана «Ювентуске» ауысқан Маттейс де Лигт жайғасқан. Айта кетерлігі, бұл екеуі де Голландия құрамасының ойыншысы.

Тізімде үздік үштікті «Манчестер Ситидің» франциялық қорғаушсы Эмерик Ляпорт түйіндеп тұр.