Хуан Фирпо жақын күндері «Барселонаның» футболшысы атануы мүмкін.

22 жастағы испаниялық қорғаушы Хуан Фирпо «Бетис» сапында өнер көрсетеді. Клуб бұл футболшы үшін 30 миллион еуро талап етіп отыр. Католондықтар болса 20 миллион еуро төлеуге дайын.

Айта кетейік, Фирпо 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионы.