Прагада өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық бәсекеде финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық жұп жартылай финалда германиялық Андре Бегеманн мен румыниялық Флорин Мерджаны жеңді.

1 сағат 7 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Финалда отандастарымыз оңтүстік американдық Эскобар/Беар жұбымен жолығады.