Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Чехияның астанасы Прага қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты.
Ширек финалда жерлестеріміз Йелле Селс (Нидерланды)/Скотт Пуодзиунас (Аустралия) жұбын қапы қалдырды.
Екі сетке созылған матч 6:4, 7:6 (7:0) есептерімен Андрей мен Алекандрдың пайдасына шешілді.
Финалға жолдама үшін теннисшілеріміз Андре Бегеманн (Германия) және Флорин Мердж (Румыния жұбымен таласады.
Комментарии