Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын өткізу үшін Израиль еліне аттанды, деп жазады Prosports.kz.
Айта кетейік, «Қайрат» 25 шілде күні Беэр-Шева қаласында жергілікті «Хапоэль» командасымен кездеседі. Бұл Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші туры аясындағы алғашқы матч.
Алматылық клубтың бапкерлер алқасы Израильге төмендегі ойыншыларды ертіп кетті:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко;
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Дино Миканович, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Еркебұлан Тұңғышбаев;
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Айбол Әбікен, Конрад Вржещиньский, Небойша Косович, Сұлтанбек Астанов, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Исламхан;
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.
Комментарии