Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші туры аясында өтетін «Хапоэль Беэр-Шева» - «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Израиль елінің Беэр-Шева қаласында өтетін ойынға испаниялық төрешілері тобы қазылық етеді.

Бас қазы — Рикардо де Бургос. Оған қос қапталдан отандастары Роберто дель Паломар мен Йон Нуньес көмектеседі. Ал төртінші төреші — Адриан Кордеро.