Роналдуды алаңнан қуған төреші «Қайраттың» ойынына қазылық етеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші туры аясында өтетін «Хапоэль Беэр-Шева» - «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Израиль елінің Беэр-Шева қаласында өтетін ойынға испаниялық төрешілері тобы қазылық етеді.
Бас қазы — Рикардо де Бургос. Оған қос қапталдан отандастары Роберто дель Паломар мен Йон Нуньес көмектеседі. Ал төртінші төреші — Адриан Кордеро.