Көкшетаулық «Оқжетпеске» украиналық жартылай қорғаушы Иван Бобко ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалған.

28 жастағы ойыншы бұған дейін, «Металлист», «Дебрецен», «Эскильстун», «Черноморц» сынды клубтарда доп тепкен.