«Млада Болеслав» - «Ордабасы» матчына қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің екінші туры аясында өтетін ойынға Беларусь елінің төрешілері тобы қазылық етеді.

Бас қазы — Сергей Цинкевич. Оған қос қапталдан отандастары Виталий Малютин мен Евгений Романов көмектеседі. Ал төртінші төреші — Виктор Шимусик.