«Шахтер» қақпашысы Игорь Шацкий «Оқжетпеске» (1:0) қарсы ойында қарағандылық клуб сапында Премьер лигадағы 100-ші матчын өткізді.

30 жастағы ойыншы Премьер лигадағы алғашқы ойынын 2015 жылы 5 сәуірде «Тобыл» - «Шахтер» (4:1) кездесуінде өткізген.

Содан бері «Шахтер» сапында барлығы 100 матч өткізіп, 131 гол жіберіп алды.