Қазақстандық файтер Мырза Еркінбек қырғызстандық спортшыға есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Abadan Fighting Championship 7 турнирінде қырғызстандық спортшы Жоробек Тешебаевпен жұдырықтасып, қылқындыру әдісімен жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Мырза Еркінбек әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін NFC 14 турнирінде өзбекстандық Дадохан Хасановқа қарсы өткізген болатын.