Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бейбіт Назаровтың (15-4) келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Titan FC» ұйымы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы 23 тамыз күні Флорида штатында өтетін TITAN FC 56 турнирінде октагонға оралады. Назаров кештің басты жекпе-жегінде компанияның жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпионы америкалық Мартин Браунмен (13-5) реванш өткізеді.

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында өткен TITAN FC 51 турнирінде Назаров пен Браун команияның вакантты белдігін сарапқа салған. Ол жекпе-жекте Назаров жеңілген болатын.

Ал биыл сәуір айында өткен TITAN FC 54 турнирінде Бейбіт Назаров төрешілердің шешімімен Томас Уэббді жеңді.