Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет бокстан Қазақстан Президенті кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсететін боксшы финалда ресейлік Вадим Туков жеңді.

Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет биыл сәуір айында Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алған болатын.