Қазақстандық боксшы Рустам Рустамов бокстан Қазақстан Президенті кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсететін боксшы финалда өзінің отандасы Ілияс Сүлейменовты жеңді.

Айта кетейік, Рустамов жартылай финалда әлем чемпионы Қайрат Ералиевті жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.