Қазақстандық боксшылар Талғат Шәйкен мен Абылайхан Жүсіпов Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына арналған VII халықаралық бокс турнирінің финалында кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Екі боксшы да 69 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Жүсіпов 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері өзбек боксшысы Фазлиддин Мелибоевты ұтса, Шәйкен Индия елінен келген Синг Неги Дурьодханнан басым түсті.