Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына арналған VII халықаралық бокс турнирінде 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финал жекпе-жектері болып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалдың екінші кездесуі қос қазақстандық арасында орын алды. 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев Рустам Рустамов қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Жеңімпаз атағын да екі қазақстандық боксшы сарапқа салады. Финалда Рустам Рустамов, өзбекстандық боксшы Миразизбек Мирзхалиловтан айласын асырған Ілияс Сүлейменовпен кездеседі.