Босниялық «Широки Бриег» командасының бас бапкері Гоце Седлоски Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Қайраттың» сапындағы үздік ойыншыны атады.

- «Қайраттың» қай футболшысының ойыны ұнады?

- Команда капитаны - Исламхан. Керемет ойнады. Қарсылас барлық шабуылын сол арқылы ойнайтынын білген едік.

- Ал Еркебұлан Сейдахметтің ойынын қалай бағалайсыз?

- Оны білмеймін. Оған аса мән бермедім, - деді Седлоски мачтан кейінгі баспасөз мәслихатында.