УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды.

Румыния чемпиондарына жол беріп, Чемпиондар лигасынан шығып қалған «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 50 орнын сақтап қалды. «Ордабасы» грузиялық «Торпедоны» ұтқанына қарамастан 2 сатыға төмендеп, 276 орынға жайғасты. Еуропа лигасындағы жолын аяқтаған «Тобыл» 4 сатыға (277) төмендеді. «Широки Бриегті» қос ойында да ұтқан «Қайрат» 177-ден 157-ші орынға жоғарылады.