Әйелдер арасында Қазақстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы 2019 жылғы Азия чемпионатында Таиландтан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық волейболшылар топтық кезеңдегі барлық матчын жеңіспен аяқтаған – Макао, Шри-Ланка және Гонконг құрамаларын ұтты.

Ал Таиландтан 17:25, 20:25, 22:25 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қазақстандық волейболшылар енді ҚХДР командасымен кездеседі.