Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

C тобында бақ сынап жатқан біздің қыздар екінші матчында Испания құрамасынан 6:18 (1:3, 3:7, 1:3, 1: 5) есебімен жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңнің алғашқы матчында қазақстандықтар Кубаны 9:6 есебімен жеңген болатын.