Дзюдошы Елдос Сметов IJF World Judo Tour – 2019 Будапешттегі Гран-приіде алтын медаль жеңіп алған болатын.

60 келіге дейінгі салмақ санатындағы финалдық белдесуде қазақстандық спортшы 2014 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен монғол Болдбаатар Ганбатты жеңді. Осылайша Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингісінде бір саты жоғарылады. Венгриядағы жетістіктен кейін Сметов IJF рейтингісінде бесінші орынға көтерілді.

Елдос Сметовтың ендігі мақсаты - әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында топ жару.

Prosports.kz Сметовтың Будапештегі төрт кездесуінің үздік сәттерін назарларыңызға ұсынады.