УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы ЧФР Клуж - "Астана" арасындағы қарымта ойын алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп жазады Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Біз алғашқы ойын алдында румындық команданың мүмкіндігі қаншалықты екенінен білген едік. Ал қарымта кездесу алдында одан да көп ақпарат жинай алдық. - Дан Петреску ертеңгі кездесуді өз мансабындағы ең қиын ойын екенін жеткізді. "Астана" командасы ЧФР Клуж үшін өте қиын қарсылас деген деген пікірмен келісесіз бе?- Менің ойымша, Петреску футболда ештеңеден қорықпайды деп ойлаймын. Ол өз еңбек жолында көпті көрген маман. Ол алдағы ойынның маңыздылығы жайлы айтқан болар. - Дорин Ротариу алдағы ойынға дайындалуға қаншалықты көмектесті?- Біз футболшыларды ойын алдында басқа сұрақтармен мазалағанды жөн көрмейміз. Өзімізге қажет ақпаратқа Дориннің көмегінсіз де қол жеткізе аламыз. Дорин тек ертеңгі ойын туралы ойлауы қажет. - "Астана" анық фаворит дей аласыз ба?- Біз қазіргі жағдайда қарсыласпен бірдей деңгейдеміз. Себебі, көп футболшылар чемпионат аясындағы кездесулерде алаңға шыққан жоқ. Оған қоса, қарсылас команда өз жанкүйерлері алдында ойнайды. Бұл оларға қосымша көмек болары анық. - Ойынның басталу уақыты туралы не айтасыз?- Біз негізі бұл уақытта ұйқыға дайындалып жатамыз. Ертең, бәрі басқаша. Алаңға шығып, ойнауға тура келеді. - Дан Петреску "Қайратқа" қарсы соңғы кездесуді қарағанын жеткізді. Бұл дұрыс шешім болды ма?- Егер ол аталмыш кездесуді қарап, талдамаған болса, біртүрлі болар еді. Біз ол кездесумен Петрескуды аздап босаңсытып жібердік деп ойлаймын. Ол бізді осал команда деп ойлаған да болуы мүмкін.

- Ертең команда қандай ойын жүйесін таңдайды?
- Біз алаңда барлық жағдайға дайын болып, қажетті нәтижеге жету үшін барымызды салуға тиіспіз.