Каратеден Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

19-21 шілде аралығында өтетін құрлықтық бәсекеге 32 мемлекеттен 330 споршы қатысады. Бұл турнир спортшылардың олимпиадалық рейтингіне тікелей әсер етеді. Олимпиада жолдамасына басты үміткерлер Иран, Қытай, Өзбекстан, Иордания, Сауд Арабия және Қазақстан құрамалары.

Айта кетейік, Азия чемпионатында олимпиадалық рейтингіде үздік 50 спортшының қатарына енгендер ғана бақ сынайды.