Valve компаниясы The International 2019 турниріне қатысатын барлық командалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлемдік додада бақ сынайтын 18 команданың 12-і DPC-маусымның қорытындысы бойынша белгілі болды. Қалған алтауы аймақтық іріктеуден сүрінбей өткендер.

Айта кетейік, The International 2019 турнирі 20-25 тамыз күндері аралығында Шанхайдағы Mercedes-Benz кешенінде өтеді. Жарыстың жүлде қоры 28 миллон еуроны құрайды.