Қызылордалық «Қайсар» клубының қорғаушысы Марк Гурман Қазақстан чемпионатының 18-туры аясында өткен «Қайратқа» қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесудің 13-минутында Исламбек Қуатпен допқа талас барысында Гурманның тізе тұсына қарсыластың бутсысының ұшты жері тиіп кетеді.

Еті жыртылып кеткен ойыншы матчты ары қарай жалғастыра алмады.

Исламбек Қуат Гурман жүктеген видеоның астында «Бауырым, мың рет кешірім сұраймын. Әдейі емес, шын айтам. Тағы да кешірім өтінем» деген пікір қалдырған.