Сенегал ұлттық құрамасы Африка кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда сенегалдықтар Тунистен басым түсті. 90 минут бойы командалар гол соға алмады. Қосымша қосылған уақытта Дилон Бронн өз қақпасына гол соғып алды.

Сенегал - Тунис 1:0 (0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

Гол: Бронн 100 (өз қақпасына – 1:0)

Айта кетейік, Сенегал ширек финалда да, 1/8 финалда да қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді.

Финалда Садьо Мане бастаған Сенегал, Алжир - Нигерия матчының жеңімпазымен кубокқа сарапқа салады.