Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін «Сочи» командасы мен «Спартак» арасындағы Ресей чемпионатының 1-ші турының матчында қызық жағдай орын алды, деп жазады Prosports.kz.

Жанкүйер жігіт жеңіл жүрісімен әйелінің сенімінен айырылса керек. Себебі, трибунада қолымен ұстап тұрған қағазға:

- Мені теледидардан көрсетіңіздерші. Әйтпесе, әйелім мені көңілдесімен бірге деп ойлайды - деп жазған.

Айта кетейік, «Спартакқа» қарсы матчта Бахтияров алаңға шыққан жоқ.