Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан Гран При жарысында Руслан Мұсаев пен Дидар Хамза ширек финалдан ары аса алмады.

81 келіде бақ сынаған Руслан Мусаев грузиялық дзюдошы Шамиль Борчашвилиге есе жіберсе, дәл осы салмақта Дидар Хамза Болгария өкілі Ивайло Ивановтан айласын асыра алмады.

Осылайша қос спортшымыз ширек финалдан кері кетті.