Елдос Сметов Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіде белдескен отандасымыз финалда моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды жеңді. Осылайша, команда қоржынына турнирдегі алғашқы бас жүлдені салды.

Сметовтың салмағында бақ сынайтан тағы бір балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев жүлдеге қол жеткізе алмады. Ол жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл турнир 14 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 85 елден 600-ден астам дзюдошы қатысып жатыр. Ал Қазақстан ұлттық құрама командасынан 16 дзюдошы ел намысын қорғайды.